Сонымен қатар президент Байден бұл мәлімдемені біреуді айыптау үшін емес, енді ол оқиға қайталанбасын деген ниетпен айтып жатқанын ескертті.
Түркия болса қандай да бір қысым болғанын, дегенмен оны «геноцид» деп атауға келмейтінін айтты. Түркия сыртқы істер министрі Мевлут Чавушоғлы сенбіде Байденнің мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді. Ол бұл айыппен Түркия еш келіспейтінін, оны жоққа шығаратынын хабарлады.
«Қазір айтылған сөздер тарихымызды қайта жазып бермейді. Біз өткенімізден сабақ алатындай ештеңе істемедік. Саяси оппортунизм – әділет пен бейбітшілікке жасалған ең үлкен сатқындық. Бар ойлағаны – популизм болған мәлімдемені толықтай жоққа шығарамыз», деді түрік министрі.
1981 жылы АҚШ-тың сол кездегі президенті Рональд Рейган Холокостқа қатысты «Америкалық геноцид» терминін қолданған болатын. Дегенмен, одан кейінгі президенттер бұл сөзді атаудан бас тартып, осы кезге дейін бірде-бір оқиғаға қатысты мұндай мәлімдеме жасамады. Тіпті Дональд Трамп та бұл оқиғаны «ХХ ғасырдағы жаппай қысым көрсету» деп атаған-ды.
Байденнің мәлімдемесі Армения тарапын қуантты. Премьер-министр Николь Пашинян «АҚШ адам құқықтары мен әлемдік құндылықтарға бейжай қарамайтынын тағы бір рет дәлелдеді», деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында.